Қазақстанда рубль бағамы жоғарылады

Ресей рублінің ұлттық валютамызға қатысты орташа ресми бағамы қазан айында 5,58 теңге болды, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 3%-ға, былтырғы қазанмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының есебінде айтылады.

Ресей валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы 1 қарашада 1 рубльге 5,62 теңге, 2-5 қараша аралығында 5,65 теңге болды.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында айырбас пункттеріндегі Ресей рублін сату мен сатып алудан айырылған таза пайда көлемі 552,8 миллиард теңге болды. Оның 58,7 миллиард теңгесі қыркүйек айына тиесілі, бұл тамызбен салыстырғанда 18,9%-ға аз.

Биыл рубль сатудың таза көлемі сәуір айында жоғары болды — 77,3 миллиард теңге, Ресей валютасы Қазақстанда қаңтар айында аз сатылған — саудадан түскен таза табыс 44,4 миллиард теңге болды.

Ресей валютасын сатып алу көлемі қыркүйекте Қызылорда және Түркістан облыстарында аз болды. Бұл өңірлерде азаматтар рубльді жиі айырбастаған. Ресеймен шекаралас өңірлерде бұл жағынан көрсеткіш әдеттегідей жоғары. Бірінші орында — Батыс Қазақстан облысы (9,2 миллиард теңге, өткен аймен салыстырғанда 1,4%-ға жоғары), екінші орында — Шығыс Қазақстан облысы (7,5 миллиард теңге, өткен аймен салыстырғанда 20,4%-ға аз), үшінші орында — Қостанай облысы (5,8 миллиард теңге, тамызбен салыстырғанда 17%-ға аз).