Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Бұталардың арасына сүйреген». Павлодарда ер адам бойжеткенді зорламақ болған

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Павлодарда аялдама маңында бойжеткенге шабуыл жасап, зорлауға әрекеттенген ер адам сотталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Rbistv.kz мәліметінше, оқиға 2025 жылғы қараша айында Қамзин көшесіндегі «Тубдиспансер» аялдамасы маңында болған. Тергеу мәліметінше, мас күйдегі ер адам құрбысын күтіп тұрған бойжеткенмен сөйлесуге тырысқан. Кейін оны белінен ұстап, бұталардың арасына қарай сүйреп әкеткен.

Сот материалдарында күдіктінің қыздың шалбарын шешуге әрекет жасап, оны қорқытқаны және телефонын лақтырып жібергені айтылған. Осы сәтте жәбірленушінің құрбысы қоңырау шалып, оның айқайлаған дауысын естіп, көмекке жүгіріп келген. Құрбысының айқайынан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ер адамның Алматыға кетіп қалғаны анықталғанымен, ол ұсталып, оған зорлауға оқталу бабы бойынша айып тағылды, — делінген хабарламада.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот оның әрекетін қылмыстың қайталануы деп танып, жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндеттеді.