ТМД Үкімет басшылары Астанада қандай келісімдер жасады?

Астанада ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.

Кеңес отырысы қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық апат оқиғасына немесе радиациялық апаттық жағдайдың туындауына дайын болу және олардың салдарын жою кезінде өзара көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісім;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында орман ауруының ошақтары мен зиянкестерінің алдын алу және жою бойынша өзара іс-қимылы туралы келісім;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласында бірлескен қызметті жүзеге асыруы туралы келісім;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электронды және электр техникалық жабдықтар қалдықтарын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы 01.06.2018 жылғы келісімін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

  • 1997 жылдың 17 қаңтарындағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

  • Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында электронды ақпарат алмасу туралы хаттама;

  • «Уран шығаратын өндірістер әсер еткен мемлекеттердің аумақтарын қалпына келтіру» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы шешім;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары технологиялы энергетикалық жабдық өндіруді дамыту және оны іске асырудың негізгі шараларының жоспары бойынша ынтымақтастық тұжырымдамасы;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Инновациялық ынтымақтастығының мемлекетарлық бағдарламасы аясында мемлекетаралық инновациялық жобаларды және іс-шараларды іске асыру нәтижесінде құрылған зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды бөлу тәртібі;

  • 2020 жылға дейінгі кезеңде ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде соғыс ардагерлерінің – жергілікті шиеленістер қатысушыларының және олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын жақсарту және медициналық-әлеуметтік көмекті одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың іс-шаралар жоспарын 2019 жылы қаржыландыру туралы шешім;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шараларының 2019-2020 жылдарға арналған жоспары;

  • 1997 жылдың 17 қаңтарындағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама туралы келісім.

Сонымен бірге ұйымдастырушылық сипаттағы бірнеше мәселе шешілді. Достастықтағы төрағалық түрікмен тарапына өтті. ТМД Үкіметтерінің басшылары кезекті отырыс үшін 2019 жылғы мамырда Ашхабадта жиналады.

Еске салайық, бүгін Астанада ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада делегациялардың басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы ұжымдық кездесу барысында кеңес отырысының Достастық мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтудағы ерекше маңызына тоқталып, ТМД елдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту қажет екенін айтты.