Алмалы ауданының әкімдігі заңгерлерден тегін кеңес алуға шақырады

Алматының Алмалы ауданы әкімдігінің аппараты 1-2 қараша күндері сағат 10.00-18.00 аралығында ашық есік күндерін өткізеді. Мақсаты — халықтың қаржылық сауатын арттыру.

Шараны аудан әкімдігі DOSTUPNOYE PRAVO қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Барлығыңызды осы шараға шақырамыз, оның барысында әр адам заңгерлердің тегін кеңесі мен кәсіби көмегін ала алады, — делінген хабарламада.

Ашық есік күндері барысында мына мәселелер бойынша ақпарат алуға болады:

  • банк қарыздары: ипотека, автомобиль несиесі, тұтынушылық несие;
  • несие алушылар құқығын қорғау;
  • банк комиссиясының заңсыз есептелуі;
  • несие бойынша төлемдерді қайтару.

Шара Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 74А (Әйтеке би көшесімен қиылыста), мәжіліс залы. Байланыс телефоны: 8 (727) 261-66-54.