Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» кәсіпорны 3-5 қараша күндеріне арналған болжамды ұсынады.

Баренц теңізінде қалыптасқан атмосфералық фронттар Қазақстанға бірінен кейін бірі жылжиды. Сондықтан алдағы демалыс күндері республиканың басым облыстарында жауын-шашынды, тұманды және көктайғақты бұлыңғыр ауа райы қалыптасатыны болжанып отыр, — делінген гидрометеорологтардың хабарламасында.

Мамандардың мәліметінше, мұндай ауа райы — қарашаның басы үшін қалыпты жағдай. Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК қараша айында ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да