Мазмұнға өту
Басты бет / Басты /

Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады

Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов тақты. Президент олардың медалін алтынмен пара-пар деген бағасын берді.

«Барыс» ордені – Қазақстан Республикасының ордені.

Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.

Мақалаға реакция

4 Пікір

  1. А
    Алдан 10 жыл бұрын
    Лайықты марапат! Еңбектері бар спортшыларамыздың. Елбасына алғыс бағалап, марапттап жатқанына.
  2. Л
    Лаура 10 жыл бұрын
    Құтты болсын! Атақтары спортшыларымздың игілігіне жарасын.
  3. Қ
    Қазбек 10 жыл бұрын
    Осындай көрсеткішпен келген спортшыларымызға қандай марапат жасалса да жарасады. Мемлекет тарапынан жақсы қолдау болып жатыр.
  4. Ш
    Шұғыла 10 жыл бұрын
    Біздің спортшыларымыз Қазақстанның спорттағы орнын ойып тұрып салып кетті. Бұл біз үшін үлкен жетістік.