Астананың көмір қоры 11 мың тоннадан асты

Астанаға тағы да 1100 тонна көмір әкелінді. Оның 686 тоннасы «Қаражыра» маркалы көмір болса, 414 тоннасы «Майкөбе» көмірінен алынды.

Астанада «Шұбаркөл» маркалы көмірінің бағасы – 13 600 теңге, «Қаражыра» – 13 500 теңге, «Майкөбе» – 12 500 теңге, «Богатырь комир» – 9 000 теңге, «Кузнецкийдің» тоннасы – 12 250 теңге.

Қалада көмір сатумен 8 компания айналысады. Бұған дейін, Астана әкімдігінде өткен кездесуде отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған еді

Қалада көмірдің жалпы қоры сейсенбі күні 11072,55 тонна болған еді.