Әмиян ақшаға жайлы болуы үшін біріншіден оның сыртына, түсіне мән беру керек. Маманның айтуынша, адамның туған күніндегі сандарды қосу арқылы оған қандай түсті әмиянның қолайлы екенін анықтауға болады.
Мысалы, (01.09.1963) 1+9+1+9+6+9=35=3+5=8. Соңғы шыққан сан бойынша әмиянның түсін анықтауға болады.
Егер соңында 3, 5, 7 сандары шықса, әмиянның түсі қызыл болғаны жөн.
1, 2, 8 сандары шықса, әмиянның түсі қара болғаны жақсы.
4, 6, 9 сандары шықса, түсі көк болғаны абзал.
Қызыл әмиян ақша шақырады, ол көп шығындалуыңызға да себепкер. Бұл сол әмиян иесінің мінезіне байланысты, яғни теңдеудің соңында 3, 5, 7 сандары шыққан адамдар — қай нәрсеге болсын ашық, тынышсыз жандар. Үнемі шабыт, энергия іздеп жүретін жандар үшін қызыл әмиян — жақсы таңдау. Егер қомақты қаражат жинағыңыз келсе, қызыл әмиянның сапалы былғарыдан, лакталған әрі қымбат болғаны дұрыс.
Қара, қоңыр түсті әмияндар — даналықтың белгісі. Туу датасындағы цифрлардың қосындысында 1, 2, 8 сандары шыққан адамдар өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп өмір сүреді. Олар мықты, тұрақты. Сондықтан қара түсті әмиян мен сіздің энергияңыз жақсы үйлесім тауып, керек қаражат әрдайым әмияныңыздан табылады.
Көк әмиянды күлгін түспен алмастыруға болады, тек көк түспен емес. Туған күн датасының қосындысы 4, 6 немесе 9 сандарына тең болып шыққан адамдар сәттілікке және өзінің бірнәрсені алдын ала сезетініне сенеді. Мұндай жандардың жан дүниесі бай келеді. Олар кез келген қиындықты жеңіп шыға алады. Сондықтан көк түсті әмиян оларға кез келген сыннан өтуге сенім береді.
Нумерологтың айтуынша, әмиянды жиі ауыстыруға болмайды. Әмиянға ақшаны ретімен әдемілеп салу керек және оның шеттері бүктелмеген болсын. Ақшаға ұқыпты болсаңыз, ол да сондай қарым-қатынас жасайды. Әмиян биоөрісіңізге сай болуы керек.