Келесі жылы Астана аялдамаларында 182 ақпараттық табло орнатылады

Таблоға өзекті деректер жазылады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта автобус аялдамаларында 133 табло жұмыс істеп тұр. Жолаушылар сол арқылы қоғамдық көліктердің келу және кету уақытын біліп отырады. Бұл жолаушылардың уақытын үнемдеп, оңтайлы бағдар қозғалысын таңдауына мүмкіндік береді.

2019 жылдың соңына дейін 182 табло орнату жоспарланып отыр. Қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін Astra Bus мобильді қосымшасы жасалды. Ол автобустың дәл уақытында жүретін қозғалысын бақылап отыруға арналған.

Қазіргі уақытта қоғамдық көлікті бақылаудың екі жолы бар. Олар: картографиялық түрі және аялдамада автобустың келетін уақытын көрсетіп тұратын табло. Бүгінде қосымшаны 200 мыңнан аса адам пайдаланады.