РИО-2016: Жүлде алмаса да, мемлекеттен сыйақы алатын спортшылар тізімі

Енді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы бөлінеді. Қазақстан Олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыға 250 мың доллар, күміске — 150 мың доллар, қола медаль алған спортшыға — 75 мың доллар сыйақы тағайындаған. Сондай-ақ жүлдеге ілікпесе, де алғашқы бестікке енген спортшылар бар. Оларға да сыйақы беріледі. Сонымен олар қай спортшы екенін BAQ.kz тілшісі анықтап көрген болатын.

Жүлдеге ілікпесе де, мемлекет тарапынан қаржылай сыйақы алатын спортшылар:

Бокс

Біржан Жақыпов – 5-ші орын (10 мың доллар)

Жайна Шекербекова – 5-ші орын (10 мың доллар)

Жәнібек Әлімханұлы – 5-ші орын (10 мың доллар)

Күрес

Ғалымжан Өсербаев – 5-ші орын (10 мың доллар)

Жұлдыз Ешімова – 5-ші орын (10 мың доллар)

Алмат Кебіспаев – 5-ші орын (10 мың доллар)

Ауыр атлетика

Маргарита Елисеева – 5-ші орын (10 мың доллар)

Арли Чонтей – 4-ші орын (30 мың доллар)

Денис Уланов – 4-ші орын (30 мың доллар).

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚР заңына сәйкес Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақыдан бөлек, жергілікті әкімдік тарапынан пәтер беріледі. Тиісінше, чемпионға үш бөлмелі пәтер, күміс медальға екі бөлмелі, қола жүлде алған спортшыға бір бөлмелі пәтер беріледі.

ДереккөзБАҚ