«Отвергнутые»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Жанна Исабаева

Ұзақтығы: 95 минут

Рольдерде: Жанаргүл Жаныаманова, Нышанбек Жұбанаев, Райхан Қалиолдина, Индира Кұлмағамбетова, Есім Тұрарбек

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, көпбалалы отбасыдан шыққан 25 жастағы Айғаным біраз уақыттан соң туған үйіне оралады. 7 жыл бұрын білім алу үшін Алматыға кетіп, сол жақта бір жігітпен танысқан. Алдымен үйленемін деп алдап алып, Айғанымды екіқабат күйінде тастап кетеді. Отбасы қызынан және оның некесіз туған ұлынан бас тартады. Алайда туыстарын сағынған ол ауылына келеді. Келіншек қол үзіп қалған отбасыға қайта сіңісіп, солардың бірі болғысы келеді.

«Махаббат» кафесі»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Асқар Ұзабаев

Ұзақтығы: 99 минут

Рольдерде: Ерке Есмахан, Әбунасыр Серіков, Шәріп Серік, Дариға Бадықова, Қылышбек Қасымбеков

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, қалалық жігіт Шыңғыс бандиттерден қашып жүріп ауылға келеді. Бұл жерде жол бойындағы кафеге аспаз болып орналасады. Кафенің иесі мен оның қызы Шыңғысты жақсы қабылдайды. Алайда өткен өмірден құтылу оңай емес. Мұның салдары кейіпкердің жақындасып кеткен адамдарына да кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Жабайы өмір»

 Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Пол Дано

Ұзақтығы: 104 минут

Рольдерде: Джейк Джилленхол, Кэри Маллиган, Билл Кэмп, Зои Маргарет Коллетти, Эд Оксенбульд, Кейт Джонс, Travis W Bruyer, Молли Миллиган, Lexi Anastasia, Kami King

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмде жасөспірім баланың көзімен отбасы оқиғасы баяндалады. Өмірдің астан-кестені шыққанда оның ата-анасы бірге бола алмайды. Бұл мәселені әркім өзінше шешуге тырысады.

«Ремнант: мен сені әлі көріп тұрмын»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Скотт Спир

Ұзақтығы: 108 минут

Рольдерде: Белла Торн, Дермот Малруни, Ричард Хэрмон, Хью Диллон, Луис Хертэм, Сара Томпсон, Шон Бенсон, Эми Прайс-Фрэнсис, Дэвид Браун, Кассандра Потенза

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, 10 жыл бұрын бір тылсым оқиға болып, салдарынан талай адам көз жұмады. Рони есімді қыздың жақындары да сол оқиғаның құрбаны болған. Бұл тылсымның құпиясын ашқысы келген Рони басқа дүниенің есігін ашады.

«Репродукция»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Джеффри Начманофф

Ұзақтығы: 107 минут

Рольдерде: Киану Ривз, Элис Ив, Эмили Элин Линд, Томас Миддлдитч, Джон Ортис, Эмджей Энтони, Няша Хатенди, Ария Лайрик Либу, Эмбер Таунсенд, Эмбер Ривера

Жанры: фантастика, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, фильмде автокөлік апатының кесірінен отбасынан айырылған биолог ғалым туралы баяндалады. Ол қайғыдан ақылға сыймайтын әрекетке барады — ғалым әйелі мен балаларын клондап, өмірге қайтарғысы келеді. Алайда бұл ақпарат билікке жеткеннен кейін оның ізіне түсушілер пайда болады.

«Мызғымас»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Константин Максимов

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Андрей Чернышов, Владимир Епифанцев, Сергей Горобченко, Олег Фомин, Николай Добрынин, Василий Седых, Владимир Кочетков, Василий Степанов, Ольга Погодина

Жанры: әскери, тарихи, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, тарихи деректер Семен Коновалов басқарған жалғыз экипаж күші басым жауға төтеп беріп, 16 танкты, 2 бронялы машинаны және жауынгерлер мінген 8 автомашинаны жойған. Оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ростов облысында болды. Фильмде осы қаһарман сарбаздардың ерлігі көрсетіледі.

«Үйге екі билет»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Дмитрий Месхиев

Ұзақтығы: 100 минут

Рольдерде: Мария Скуратова, Сергей Гармаш, Камиль Хардин, Евгений Ткачук, Наталья Суркова, Ирина Рахманова, Ирина Розанова, Роман Агеев, Валерий Болданюк

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Киностан.kz-тің мәліметінше, фильмде Люба есімді қыздың оқиғасы баяндалады. Ол интернатта тұрады, жетім өскен. Қыз оқуын аяқтап, тезірек Санкт-Петербургке кеткісі келеді. Арманы — жаңа өмір бастап, стюардесса болу. Бірақ түлектер кешінде өзінің жетім емес екенін біледі. Любаның әкесі бар екен. Ол тезірек әкесін іздеп таппақ болады.

«СуперБобровтар. Халық кек алушылары»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Дмитрий Дьяченко

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Павел Деревянко, Роман Мадянов, Владимир Толоконников, Оксана Акиньшина, Ирина Пегова, Даниил Вахрушев, Елена Валюшкина, Роман Курцын, Стас Оксаний, Владимир Паршенков

Жанры: отбасылық комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм желісін Киностан.kz сипаттап берді. Бобровтар отбасы үкіметтен қашып Таиландқа тап болады. Олар халық алдында қабілеттерін көрсетіп, циркте жұмыс істейді. Әлбетте, мұндай тірлік отбасы мүшелерінің ешқайсысына ұнамайды, олар үйге қайтқысы келеді. Бұл олардың қарым-қатынасына де кері әсер етеді.

«Бұлардан сақтасын»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Александр Бойков

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Дарья Храмцова, Полина Максимова, Юлия Хлынина, Данил Стеклов, Денис Бузин, Сергей Дубров, Сергей Якимович, Владимир Стеклов, Александр Семчев, Сергей Белоголовцев

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әдетте әлемге қауіп төнсе, көмекке қаһармандар келеді. Олар бізден ақылдырақ, күштірек, батылдырақ екенін бәрі біледі. Алайда тағдыр қалауымен адамзатты құтқару миссиясы бұл жолы ойын-сауыққа құмар 20 жастағы қыз-жігіттерге жүктеледі.

«Смолфут»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Кэри Киркпатрик, Джейсон Рейсиг

Ұзақтығы: 96 минут

Рольдерде: Зендея, Ченнинг Татум, Джина Родригез, Дэнни ДеВито, Джеймс Корден, Яра Шахиди, Коммон, Леброн Джеймс, Джимми Татро, Эли Генри

Жанры: комедия, фэнтези, мультфильм, мюзикл

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жас йети адамдардың бар екеніне сенбейтін. Бірақ күндердің күнінде ол адамды кездестіреді. «Смолфут» туралы жаңалықтан кейін ол танымал болды. Йетилер мекенінде осыдан кейін абыр-сабыр басталады. Киностан.kz мультфильм желісін осылай сипаттайды.

Құбыжықтың баласы

Шығарушы мемлекет: Жапония

Режиссеры: Мамору Хосода

Ұзақтығы: 119 минут

Рольдерде: Сёта Сомэтани, Кодзи Якусё, Кумико Асо, Судзу Хиросэ, Мамору Мияно, Аои Миядзаки, Сумирэ Морохоси, Кэиси Нагацука, Каппэи Ямагути, Кадзухиро Ямадзи

Жанры: фэнтези, қызық оқиғалы, аниме, мультфильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Киюта Токиода жоғалып, балама әлемге тап болады. Бұл әлемде де оны Куматэцу атты адам-аю тәрбиелеп, көп жыл бойы баланы төбелес өнеріне үйретеді.