Зағипа Бәлиева: Open Almaty «болашақтың экономикасына» атсалысып отыр

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру үшін Алматыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева келді.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапары барысында Зағипа Бәлиева қала әкімінің Open Almaty қоғамдық қабылдау мекемесінің жұмысымен танысты. Депутат инновация орталығы Президент Жолдауының жекелеген аспектілеріне сай келеді.

Біздің үшінші жаңғыруды бастан өткеріп жатқанымыз құпия емес және сіздердің осындай инновациялық орталықтар ашып, халыққа жақындауға тырысып, фронт-кеңселерді, бэк-кеңселерді жақсартып жатқандарыңыз да — үшінші жаңғырудың кішкентай бір бөлшегі, — деді Мәжіліс депутаты.

Президент жаңа Жолдауында «болашақ экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және солар сияқты басқа да бағыттарын ілгерілету қажет екенін айтқан еді.

Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен ролі келешекте нақ осыларға байланысты болады, — деді Президент халық табысын арттыру бойынша атқарылуы тиіс алтыншы міндет туралы айтқанда.

Зағипа Бәлиева бұл міндетті атқаруды Open Almaty жұмысының маңызы зор екенін айтты.

Open Almaty да соған жатады. Жолдаудың көп пунктінен өз қызметтеріңізді табасыздар. Неге? Өйткені сіздер «болашақтың экономикасына» атсалысып отырсыздар, қала тұрғындарының уақытын үнемдеп, оларға кеңес беріп, көмектесіп, бойларына сенім ұялатып отырсыздар. Көп мәселе сіздердің орталықтарыңыздың жұмысына тәуелді, — деді Зағипа Бәлиева.

Мәжіліс депутатының пікірінше, Алматының қоғамдық қабылдау мекемесі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға түбегейлі ықпал етіп отыр. Бұл міндет те Президент Жолдауында айтылған болатын.

Сіздер мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарттыңыздар. Мұның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді. Бірақ сіздердің бұл істі бастағандарыңыздың өзі — игілік. Жемқорлықпен күрес, қарапайым азаматтарды мемлекеттік қызметшілермен бетпе-бет кездесуге мәжбүрлейтін жағдайларды азайту — «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін Open Almaty сияқты орталықтардың басты ұстанымы, — деді Зағипа Бәлиева.

Депутат халықпен жұмыс істеудің қазіргі заманғы форматына көшу міндеті жүктеліп отырған полицияға Open Almaty орталығының қызметінен көп тәжірибе үйрену қажет екенін мәлімдеді.