20 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, батыста және оңтүстікте жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қостанай облысының басым бөлігінде де жел 15-20 м/с-қа күшейіп, кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күн тұманды болады. Жамбыл облысында жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

20-21 қазан күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде 1-3 градус аяз болады.