Нұрсұлтан Назарбаев Жапония және Корея басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті «Азия — Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесті.

Назарбаев Мун Чжэ Ин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Мун Чжэ Ин. Фото: Аkorda.kz

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаға ресми сапары барысында Финляндия, Бельгия және Франция президенттерімен кездескен еді.