Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанадағы автобустарда туристік карталар іске қосылды

©365info.kz

Не болды?

Енді Астанаға келген қонақтар мен туристер әуежайдан арнайы карта алып, қоғамдық көлікте туристік карта арқылы төлем жасай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана әкімдігінің мәліметінше, туристік картаны әуежайдан сатып алып, бірден қала ішінде серуендей беруге болады. Туристердің таңдауына қарай 5, 10 және 15 сапарға арналған карталар бар. Ал қала тұрғындары қоғамдық көліктерде Avtobys төлем планшеті арқылы төлем жасайды. Бұл қолданбада маршрут құру мүмкіндігі де бар.

Әуежайдың халықаралық рейстер келетін аймағында туристік ақпараттық аймақ бар. Мұнда қала қонақтары Астана туралы, туристік нысандар мен жүріп-тұру бағыты жайлы ақпарат алып, туристік көлік картасын пайдалану тәртібімен таныса алады, — делінген хабарламада.

  • 5 сапарға арналған ызғылт сары картаның бағасы – 1 550 теңге;
  • 10 сапарға арналған көгілдір картаның бағасы – 2 110 теңге;
  • 15 сапарға жарамды көк түсті картаның бағасы 2 650 теңге.

Контекст

Естеріңізге салайық, Шымкент-Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды. 

Мақалаға реакция