Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Азаматтардың жұмысқа қайта орналасу құқығы сот арқылы қорғалады

Фото: vko.sud.kz

Не болды?

Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа Еңбек кодексі мен Азаматтық процестік кодекстің кейбір баптарын қайта қарау жайлы өтініш келіп түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Азаматтар Конституциялық сотқа Еңбек кодексінің 160-бабы бесінші бөлігі бірінші және екінші абзацтары, Азаматтық процестік кодекстің 455-бабы екінші және үшінші бөліктеріне қатысты шағым жолдаған.

«Уақтылы арыз бермедің»

Бірінші мәселе  бойынша, ішкі істер органдары бір қызметкерін жұмыстан шығарған. Жұмыстан шыққан азамат сотқа шағымданып, жұмысқа қайта орналасуды талап еткен. Алайда сот «уақтылы арыз бермедің» деп, талабын қанағаттандырмаған. Кейін қылмыстық іс қаралған кезде азаматтың кінәсі жоқ екені анықталған. Дегенмен әлі де іс қайта қаралмаған.

“Бұл істі қайта қарауға негіз жоқ”

Екінші мәселе бойынша, тағы бір азамат сот шешімдері бір-біріне қарама-қайшы екенін айтып, әділдік қаулы бекітілмегенін жеткізген. Алайда сот “бұл істі қайта қарауға негіз жоқ” деп, істі қайта қараудан бас тартқан. Демек азамат өз құқығын толық қорғай алмады.

Конституциялық сот бұл жағдайларды тексеріп, Азаматтық процестік кодекстегі кейбір нормалар дұрыс емес деген уәж айтты. Себебі істі қайта қарауға тосқауыл болған заң азаматтардың құқықтарын қорғауға да кедергі болады.

Уақытша ереже бекітілді

Қазір заңға өзгеріс енгенше уақытша ереже бекітілді. Ереже бойынша құқық қорғау органдарының жұмыстан шығарылған қызметкерлері сотқа 1 жыл ішінде арыз бере алады. Егер іс бойынша жаңа маңызды фактілер анықталса, сот шешімін қайта қарауға мүмкіндік беру керек.

Контекст

Естеріңізге салайық, елімізде биыл сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік сипатта қылмыс жасағаны үшін 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Мақалаға реакция