Не болды?
Жыл басынан бері Астанада 16 адам электросамокаттан жарақат алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Астана полиция департаментінің мәліметінше, биыл 1200 электросамокатшы жол қозғалысы ережелерін бұзды. Самокатшылар ереже сақтамай жүргендіктен қалада 14 жол апаты тіркеліп, 16 адам әртүрлі жарақат алған. Мәселен, екі кәмелетке толмаған жасөспірім бір электросамокатпен қарқынды жолға шығып, бір сәтте бірнеше ереже бұзған. Полиция 16 жасқа толған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларын тәрбиелеуге қатысты міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Контекст
Естеріңізге салайық, 1 шілдеден бастап Астана полияциясы тәртіп бұзған самокатшыларды «Сергек» камерасы арқылы бақылайды
