Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия королімен кездесті

Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы “Азия-Еуропа” (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысу үшін Брюссельге барған еді.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты келіссөз өткізіп, Еуропаның іскер топтары өкілдерімен кездеседі.