Нарынқол мен Шалкөдеде жер сілкінісі сезілді

Алматы облысындағы бірнеше елді мекенде жер сілкінісі сезілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мекемесінің хабарлауынша, Қазақстанның сейсмикалық станциялары 16 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 08.10-да жер сілкінісін есепке алған.

Мамандардың мәліметінше, тербеліс ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 452 шақырымда — Қытай аумағында анықталды.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы — 12.9. Магнитудасы — MPV 5.6. Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісі Алматы облысындағы Шалкөде, Кетмен, Нарынқол елді мекендерінде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл түрінде сезілген. Дүмпу туралы «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясының кезекші операторы 16 қазан күні сағат 08.23-де хабарлады.