Surak-zhauap.kz сайты алғашқы алты жыл «Сұрақ-Жауап» платформасы ретінде жұмыс істеді. 2016 жылы «Қазақстан жаңалықтары» жобасы іске қосылып, ақпараттық-танымдық бағытта да контент ұсына бастады. 2017 жылы шілде айында сайт домені Baribar.kz болып өзгерді.
Бүгінде Baribar.kz – мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы сайт.
Сіз Baribar.kz сайтын оқи отырып табысты адамдардың өмірі, кәсіпкерлердің жетістікке жетудегі құпиялары, заң, медицина, қаржы саласына байланысты керек кеңестермен, әртүрлі тақырыптағы танымдық материалдармен және Қазақстанның соңғы жаңалықтарымен таныс боласыз.
Біз жаңашылдықпен оқырман назарына қызық ақпарат ұсынғымыз келеді.
Baribar.kz сайтының 8 жылдағы жетістіктері
- Сайттың қазіргі таңда айына 5 000 000 астам беті қаралады.
- Baribar.kz — қазақ тіліндегі қолданушысы ең көп сайт. Сайтқа сегіз жылда 60 мыңға жуық қолданушы тіркелді.
- Сайтқа күнделікті кірушілер саны 150 мыңға жуықтады.
- Baribar.kz — «Сұрақ-Жауап» платформасынан ақпараттық-танымдық бағытқа жылдам әрі сәтті көшкен прогрессив сайт.
- Zero.kz интернет-статистика сервисінде бірнеше жылдан бері алдыңғы қатардан көрініп келеді. Қазіргі таңда Baribar.kz 9000 сайттың ішінде 3-орында тұр.
- Интернет нарығында жарнама берушілердің талаптарына сай контент ұсынатын қазақтілді бірден-бір ресурс.
- Сайтта 15-тен астам айдар және арнайы жоба жұмыс істейді. Олар: «Түсіндірме», «Картотека», «Жас ғалым», «Әке мен бала», «Таным», «Болашақ чемпион» және тағы басқа.
- «Сұрақ-Жауап» платформасында 110 мыңнан аса сұрақ қойылды, сол сұрақтарға 300 мыңға тарта жауап берілді.