8 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің кей аймақтарында жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте найзағай болып, кей аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, найзағай болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с болады. Атырау, Ақтөбе облыстарына да тұман түседі.

Маңғыстау облысы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды  облыстарының кей аймақтарында жоғары дала өрті қауіпі сақталады.