Күзгі жаңбыр: 6 қазан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 6 қазан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, батыста тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Алматы облысындағы Жалаңашкөл маңында жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді, екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрт қаупі сақталады.