2018 жылы Қазақстандағы ең егде некелесушілер Батыс Қазақстан облысында тіркелді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 90 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйел адам некелесті. Тағы бір егде жұп Павлодар облысында некелесті. 89 жастағы зейнеткер өзінен екі жас кіші әйелге үйленді. Ал Алматыда 87 жастағы қалыңдық 76 жастағы ер адамға күйеуге шықты.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында ең жас некелесушілер де көп болды. 16-17 жастағы қалыңдықтар Алматы облысында тіркелді — 97 неке. Жамбыл облысы екінші орында — 58 неке. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр, өңірде 16-17 жастағы қалыңдықтардың 56 некесі тіркелді.
Атырау облысында 16-17 жастағы жігіттер көп үйленген — 7 неке, одан кейінгі орында — Қарағанды облысы, өңірде 6 үйлену тойы тіркелді. Бұл жағынан үшінші орында Павлодар облысы тұр — 5 неке.
Жылдың басынан бері республика азаматтары арасында алматылықтардың ең көп некелескені белгілі болды — 10 791 неке. Бұдан кейінгі орындарда Алматы облысы (8 868) және Түркістан облысы (8 737) тұр. Қаңтар-тамыз айларында ерлердің орташа некелесу жасы 29,2 болды, әйелдердікі — 26,3.
2017 жылы Қазақстанда ерлердің некелесу жасының орташа көрсеткіші 29, әйелдердікі 26,1 болды.