Алматы мектептеріне 7 мың бейнекамера орнатылады

Алматы мектептеріне қауіпсіздікті цифрландыру жобасы аясында 7 мың бейнекамера орнатылады. Бұл туралы Алматы ІІД техникалық қызмет басшысының міндетін атқарушы Михаил Найденов хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік тендерге байқау басталды.

Бұл білім басқармасының «Мектептегі кешенді қауіпсіздік» жобасымен бірлесе атқарылады. 203 мектептің іші мен сыртына барлығы 7 мың бейнекамера орнатылады, — деді Михаил Найденов.

Сонымен қатар, ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін жаңғырту, видео-аналитикалық жүйені енгізу, «112» қызметін құру және адам көп жүретін қоғамдық орындарда мониторинг жүйесін енгізу жоспарланды.

Полицейлер «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз қала«, «Қауіпсіз мектеп» жобаларын іске асырмақшы.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мақсаты цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы бағдарлама аясында 2022 жылға дейін барлық сала цифрланады.