6 қазан JARYQ музыка фестивалі өтеді. Ашық аспан астындағы концертте Tamiris, Marc Egin, Qol Shatyr және тағы басқа артистер өнер көрсетеді. Кіру тегін.

Өтетін орны: Mega Park сауда орталығы

Уақыты: 6 қазан, сағат 18.00-де.

JARYQ музыка фестивалі
JARYQ музыка фестивалі. Фото: sxodim.com

6-7 қазан күндері Almaty Urban Farm Festival өтпек. Фестиваль ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынатын жәрмеңке түрінде өтеді. Фестивальға келушілер 3 секция бойынша фермерлер жәрмеңкесі мен агротехнологиялар көрмесін тамашалап, шетелдік және жергілікті мамандармен кеңесе алады. Кіру тегін.

Өтетін орны: Esentai Mall

Уақыты: 6-7 қазан, сағат 11.00-де.

Almaty Urban Farm Festival
Almaty Urban Farm Festival. Фото: the-village.kz

20 қыркүйек пен 16 қазан аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына «Граница» көрмесі ұсынылады. Көрмеге Германия, Украина, Белорусь, Грузия, Армения, Россия, Тәжікістан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан суретшілері қатысады.

Өтетін орны: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі

Уақыты: 16 қазанға дейін.

"Граница" көрмесі
«Граница» көрмесі. Фото: sxodim.com

Esentai Gallery Trivial Freedom көрмесін ұсынады. Көрмеде лондондық Berkin және Mika лақап аттарымен танымал жас фотографтардың суреттері қойылған. Кіру тегін.

Өтетін орны: Esentai Mall галереясы

Уақыты: 13 қазанға дейін.

Trivial Freedom көрмесі
Trivial Freedom көрмесі. Фото: sxodim.com

7 қазанда «Цезарь» кинотеатрында «Басқа кино» балалар киноклубы ашылады. Киноклуб балаларды «Шексіз тарих» фильмін тамашалауға шақырады. Енді әр жексенбі сайын балалар кинотеатрға келіп әртүрлі фильмдерді тегін тамашалай алады.

Өтетін орны: «Цезарь» кинотеатры

Уақыты: 7 қазан, сағат 12.00-де

Балалар киноклубы
Балалар киноклубы. Фото: kinopoisk.ru

Сонымен қатар, 7 қазан күні мемлекеттік ипподромда Алматы әкімдігінің кубогына арналған бәйге өтеді. Кіру тегін.

Өтетін орны: Алматы мемлекеттік ипподромы

Уақыты: 7 қазан сағат 12.00-де.