Сириядағы террористік әрекетке қатысқан Қазақстан азаматы Грекия астанасынан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының мәліметінше, бүгін — 2 қазан күні ҚР ҰҚК мен Бас прокуратура қызметкерлері Қарағандыда туып-өскен Дастан Хайсинді Афинадан Астанаға жеткізді.
Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, — делінген хабарламада.
Дастан Хайсин қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүргізген жұмысының нәтижесінде ұсталып, экстрадицияланып отыр.
Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, — делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.