Террористік әрекеті үшін іздеуде болған қазақстандық Грекиядан экстрадицияланды

Сириядағы террористік әрекетке қатысқан Қазақстан азаматы Грекия астанасынан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының мәліметінше, бүгін — 2 қазан күні ҚР ҰҚК мен Бас прокуратура қызметкерлері Қарағандыда туып-өскен Дастан Хайсинді Афинадан Астанаға жеткізді.

Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, — делінген хабарламада. 

Дастан Хайсин қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүргізген жұмысының нәтижесінде ұсталып, экстрадицияланып отыр.

Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, — делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.