Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Ресейге...

Қазақстан Ресейге экологиялық таза қызанақ пен қияр экспорттайды

KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы қазақстандық GreenLandAlatau компаниясына қияр мен қызанақ тұқымдарын, салаттар ассортиментін және тыңайтқыштар сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыруға қолдау көрсетті.

GreenLandAlatau ЖШС жылыжай кешені экологиялық таза көкөніс өнімдерін өндіруге маманданған, Алматы облысы мен Алматының ірі сауда желілеріне тікелей жеткізуді және Ресей Федерациясына көтерме жеткізулерді жүзеге асырады.

KazakhExport-тың мемлекеттік қолдауы экспорттаушыға шығаратын өнімдер көлемін ұлғайтуға және экспорт географиясы мен көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Біз Қазақстан мен Ресей Федерациясының нарығына экологиялық таза көкөніс жеткіземіз. Егер былтыр Ресейге 3700 тонна дайын өнім экспортталса, биыл біз көлемді 4000 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, — дейді өндіруші.

Жылыжай кешені гидропоника, тамшылатып суару, қосымша жарық жүйесі, тұмандандыру жүйесі, перделеу жүйесі секілді көкөніс өсірудің озық технологиялары қолданылатын еуропалық Dalsem (Нидерланды) заманауи жабдығымен жарақтандырылды.

KazakhExport-пен «Экспорт алдындағы қаржыландыру» өнімі бойынша ынтымақтасу біздің тиімді бағамен көп шикізат сатып алуымызға мүмкіндік берді. Бұған қоса, мемлекеттік қолдау механизмдері бізге төлем мұрсатымен тауар жеткізуімізге жол ашты, бұл біздің сыртқа нарықтарда бәсекеге қабілетімізді көтеретіні сөзсіз, — дейді GreenLandAlatau өкілдері.

Экспорт алдындағы қаржыландыру айналым қаражаттарды толтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында қазақстандық екінші деңгейдегі банктер арқылы қазақстандық экспорттаушыларға беріледі.