2018 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болды?

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 164,4 миллиард АҚШ доллары немесе ішкі жалпы өнімге қатынасы 96,3% (жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарып) болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы борыш құрылымында 63,0%-ды бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1%-ды өзара байланысты емес кредиторлар алдындағы басқа секторлардың сыртқы борышы, 7,2%-ды мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық банк), 3,7%-ды банктер секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.

2018 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 миллиард АҚШ долларына қысқарды.

Ұлттық банктің мәліметінше, азаю төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың үлестес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы), сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен болды.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 миллиард АҚШ доллары болған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,6 миллиард АҚШ долларына азаю «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясында 50%-ға қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сонымен қатар квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,5 миллиард долларға ұлғайып, 46,6 миллиард долларына тең болды. Бұл ретте мемлекеттік сектор және банктер қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал басқа секторлар — таза қарыз алушылар.