Астанада электрсіз жанатын тақшалайлар орнатылып жатыр

Тақтайшалар Астанананың 15 көшесіне орнатылды. Жарық жинағыш аншлагтар ескі тақтайшаларды алмастырып жатыр.

Материал құрамындағы люминофор сәуле шығарады. Заттектің құрамындағы бөлшектер энергияны жылдам жинап, қорға сақтай алады. Түнде электр қуатын пайдаланбай ұзақ уақыт бойы жарық бере алады, — дейді Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов.

Жаңа тақтайшалар 4 сағаттан 12 сағатқа дейін жанып тұра алады.

Ерлан Қаналимовтың айтуынша, қазіргі таңда Байқоңыр ауданындағы көшелердің атауы мен үйлердің реттік нөмірі жазылған аншлагтар орнатылып жатыр. Жұмыс Ж.Ташенов, А.Бараев, Республика даңғылы, А.Иманов, Кенесары, Абай даңғылы, Ж. Досмұхамедұлы, Асан қайғы, А.Янушкевич, А.Пушкин, А.Кравцов, Сембинов, А.Жұбанов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов көшелерінде атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта барлығы 360-тан астам жарық жинағыш қабаты бар аншлаг орнатылған.