Астана көшелерінде «вафельді» белгі пайда болды

2 қыркүйекте кептеліс жиі болатын Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жаңа эксперименттік жол белгісі пайда болды.

Астана ІІД-нің хабарлауынша, мұндай белгі жүргізушіге көлік алдында кептеліс болған жағдайда аталмыш учаскеге өтуге тыйым салады.

«Вафельді» белгі дегеніміз – қиылыс шегіндегі жүргін жолда салынатын сары сызықтардан тұратын тор.

Кептеліс қалыптасқан жағдайда жүргізушіні қиылыс шегінде тоқтауға мәжбүрлеп, қиылысқа немесе жүргін жолға шығуға тыйым салады. Осылайша жүргізуші көлденең бағытта келе жатқан көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіреді, — дейді Астана ІІД өкілі.

ІІД өкілінің айтуынша, «вафельді» белгіні енгізу тестік режимде жүргізіліп жатыр.  Аталған қиылыста ереже бұзғандар ӘҚБтҚРК 1, 4 594 бабының талаптарын сақтамағаны үшін (қиылыстан жүріп өту немесе жүретін жолды кесіп өтіп, кептеліс тудырған, қарама қарсы бағыттағы транспорт құралдарының қозғалысына кедергі келтірген), 594 баптың 1 — ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл, ӘҚБт ҚР 594 бап, 4 бөлігінде — бұзушылық, әкімшілік айыппұлдан кейін бір жыл ішінде тағы да бұзушылықты қайталаса — 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылады.