Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Байқауға қатысушылар үш аталым бойынша іріктелді. «Ең үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша Рахимберлин отбасы жеңіске жетті, олардың жалпы педагогикалық өтілі 136 жыл. «Жастармен жұмыс істейтін үздік тәлімгер» аталымы бойынша бірінші орынды Сәуле Ташкина иеленді, ол «Биком-инжиниринг» компаниясында бас сәулетшісі болып жұмыс істейді. «Өндірістің ең үздік жас жұмысшысы» аталымы бойынша Астананың Жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болып жұмыс істейтін Данияр Байжанов жеңіске жетті.
«Көрерменнің көзайымы» аталымы бойынша Астананың бас онкологы, «Астана Медицина университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мұхтар Төлеутаев жеңіске жетті.

Жастармен жұмыс жасау бір ғанибет, олар біздің болашағымыз, бастысы оларға өзіміздің шеберлігімізді көрсету. Маған дауыс берген халыққа алғысым шексіз, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, — деді Сәуле Ташкина.

Марапаттау кешінде жеңімпаздар мен қонақтар құрметіне концерт қойылды.

Айта кетейік, «Еңбек жолы» байқауы осы жылдың маусымында басталған еді. Жеңімпаздар онлайн-дауыс беру және конкурстық комиссияның шешімімен анықталды.