Басты бет / Жаңалықтар /
Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов қарсыласын таза жеңіспен ұтты

Данияр алғашқы раундтан-ақ  тізгінді өз қолына алды. Қарсыласын қуып та, тұрып та сабады. Екінші раундыда ұлыбританиялық боксшы Даниярды қайта-қайта құшақтай берді. Төреші бір емес, бірнеше рет ескерту де жасады. Үшінші раундыда да қазақ боксшысынан ұтылып жатқанын білген Келли өзіне соққы дарытпауға тырысып көрді. Алайда, қазақтың жуан жұдырығы мұрынын бұзбаса да, есеңгіретіп тастады.Гонг соғылып, төреші тоқта дегенде қуанғаны белгісіз, қазақтың қайсар ұлына таңғалғаны белгісіз артына бұрылып, өзі рингке көтерілген  бұрышына беттеп бара жатқан Даниярдың артынан ұзақ қарады.

Осылайша, төрешілердің шешімімен жерлесіміз алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Есеп 3:0.

Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Қайрат Ералиев (56 келі) қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, өкінішке қарай  Абылайхан Жүсіпов (64 келі) ұлыбританиялық Пэт Маккормактан ұтылып қалды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

6 Пікір

  1. А
    Ақбаян 10 жыл бұрын
    Біздің мақтаныш!!!
  2. Ш
    Шынар 10 жыл бұрын
    Жарайсың!
  3. Б
    Балабақша 10 жыл бұрын
    Данияр жәрәйсің!!!!!! Біз мақтан тұтамыз сізді....сәттілік тілейміз алда!
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алға , Данияр,бауырым! Жарайсың!!!
  5. Д
    Дамира 10 жыл бұрын
    Таза жеңіс болды. Осы еңбегін келесі жекпе жегінде де көрсете берсін!
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жарайсыз АҒАТАЙ!!!