Қазақ қызы Жазира Жапарқұл Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды!

69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру жаттығуын 111 келіден бастады. Отандасымыз бұл салмақты оңай еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 115 келіге тапсырыс беріп, оны да ойдағыдай көтере білді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келі Жазираның ырқына бағынбады.

Жарыста отандасымыздың басты қарсыласы саналған қытайлық Сян Яньмэй бірінші жаттығуда 116 келіні көтеріп, Жазирадан 1 келіге озып шықты.

Отандасымыз екінші жаттығуды 140 келіден бастады. Бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екіншісінде барып зілтемір басынан асырып, тік тұрды. Одан кейін 144 келіні көтере білді. Нәтижесінде отандасымыз қоссайыста 259 келімен (115+144) күміс жүлдегер атанды.

Бұл салмақта қытайлық Сян Яньмэй чемпион атанды. Ол қоссайыста 261 келіні (116+145) көтерді. Қола мысырлық спортшыға бұйырды.

ДереккөзМассагет