Қорықтық сүт
Фото: Baribar.kz

Бұл сусын саулық малдың сүтінен әзірленеді. Ол үшін малды өрісте жүрген жерінде сауып алу керек.

Қорықтық сүт
Фото: Baribar.kz

Сүтті шикілей ішуге болмайтындықтан халқымыз қорықтық жасап ішкен. Оны дайындау үшін алдымен қазылған жерошаққа даланың жұмыр тастары әбден қыздырылады. Қызып тұрған тастарды оттан шығарып желпіп, күлін түсіреді де, шелектегі сүтке бірнешеуін салып жібереді. Осылайша бірер минут ішінде қорықтық дайын болады.

Қорықтық сүт
Фото: Baribar.kz

Қорықтықты ыстықтай ішеді. Ол жұғымды тағам, әрі шөлбасар болмақ.

Қазақ бір жылдың өзінде үш рет қоныс аударатын болған: жайлау, күзеу, қыстау. Осы қоныс аударулар кезінде қорықтық малшылар үшін ең көп жасалатын тағам түрі болған.

Қорықтық сүт
Фото: Baribar.kz

Қорықтықты қыстыгүні де дайындайды.

Қорықтық ішкен қойшының қорасы болмас жақында, – деген халық нақылы осыдан қалса керек.

Қорықтық сүт
Фото: Baribar.kz
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!