Түркістанның ежелгі сәулеті қалпына келтірілмек

Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

ТОП-10 туристік нысан картасы аясында Түркістан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Елбасы айтып өткендей, «Түркістан ежелден бері біртұтас функциясын жоғалтқан жоқ». Түркістан — түркітілдес елдерді біріктірудің негізі. Қаланың сәулет тұжырымдамасы туристік мүдденің магниті — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған, — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал еліміздің бренді болуы тиіс.

ДереккөзІnform.kz