Табысқа жету туралы 7 фильм

1. «Продавец»

Әлемдік дағдарыстан компанияны не немесе кім құтқарады? Ғажайып оқиға немесе Дон Рэди – өз ісінің хас шебері. Бірақ бұл шебердің кезінде жіберген қателіктері, бүгінде алдынан шығып, жолына кедергі тудырады да тұрады. Тәуелсіздік күні 200 автокөлік сатуды мақсат қылған сатушының хикаясын «Продавец» фильімінен тамашалаңыз.

2. «99 франков»

Комедиялық сахналары бар фильм, жарнамалық индустрияның қыр-сыры мен ішкі болмысын баяндайды.

3. «Здесь курят»

Фильмнің басты кейіпкері бір күнде 12000 адамды өлтіретін компанияда жұмыс істеп, өз күн көрісіне ақша табады. Себебі, ол — шылым/темекі өндіруші копманияның менеджері. Оның қызметіне денсаулық сақтау органдары, жаман әдеттерден арылуды насихаттаушылар мен статистика кедергі. Бірақ Ник өз компаниясының мүддесі үшін барын салуда. «Ник не істеді екен?» деген ой туындады ма?

4. «Авиатор»

Авиация саласындағы өнертапқыш Горвард Хьюздың биографиясына негізделіп түсірілген фильм. Бұл кісінің жеткен табыстары, әр адамды мақсатқа жетуіне шабыттандырады.

5. «Атлант расправил плечи»

Орта және кіші бизнестің қатыгез билік пен саясатқа қарсылығын баяндайтын үлкен туынды. Кәсіпкерлік пен экономикалық қарым-қатынастың мұқияттылық пен тиянақтылықты қажет ететіндігін, көптеген бизнес идеялардың «ішін» жақсы көрсеткен.

6. «Замерзшая из Майами»

«Дневник Бриджет Джонс» фильмі бойынша көпшілікке танылған Рене Зельвегер бұл фильмде де басты рөлді сомдайды. Оқиға фабрикасындағы қызметкерлерін қысқартып, суық Миннесота штатына көшкен бизнесвумен Люси Хилл туралы.

7. «Аферист»

Ник Лисон есімді шынайы тұлғаның өміріне негізделген фильм өзін «трейдор-алаяқ» деп атайтын жігіт туралы. Ағылшындық ірі банк қызметкері Никтің жіберген қателіктерін өзінен басқа ешкім дұрыстай алмайды. Сондықтан Ник тағы бір алаяқтыққа жол береді.

Мен көруге кеңес берген фильмдерді тамашалаған соң, өз пікірлеріңізбен әлеуметік желідебөлісуді ұмытпаңыз. Мен міндетті түрда оқып шығамын. Айтпақшы, @kuantr парақшасын белгілеп қойсаңыз болады.

Бұл фильмдерден әрқайсыңыз өзіңізге керегін алады деп сенемін!