Атырауда Қала күніне орай велошеру өтеді

6 қазанда өтетін спорттық шараны қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен демеуші компаниялар ұйымдастырады.

Жеңімпаздар бес номинация бойынша іріктеліп, демеушілер атынан арнайы сыйлықтар табысталатын болады, — дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Велошеру Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театрының алдында басталып, Сұлтан Бейбарыс алаңында аяқталады.

Айта кетейік, биылғы сәуірде өткен Bike Ride Atyrau-2018 бірінші қайырымдылық велошеруіне 2000-нан астам велосипедші қатысқан еді. Шара облыс тарихындағы ең ауқымды оқиғалардың біріне айналды.