Метро қызметкерлері терроризмнен қорғану жолдарын үйренді

6 қыркүйекте Алматы қаласының ДЕПО метрополитенінде діни экстремизм және терроризмді болдырмау туралы дәріс оқылды. Шараны Дін істері жөніндегі басқарманың тапсырмасы бойынша ШЖҚ КМК «Мониторинг және талдау» орталығы ұйымдастырды.

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абдуллина Зарема терроризм және оның диструктивті бағыттары туралы және діни деструктивті бағыттардың арбауынан сақтану жолдарын көрсетіп, кеңес берді.

Алматы метросы күзет органдарының 100 шақты жұмысшысы «Дін кедейлерге ойлап табылған тұзақ дегеніміз дұрыс па?», «Дінді кім ойлап тапты?», «Отбасыны терроризмнен қалай қорғаймыз?» деген сияқты бірнеше сұрақтың жауабын білді.