Басты бетЖаңалықтарАйырбас пункттерінде...

Айырбас пункттерінде доллар құны 381 теңге болды

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы тағы да әлсіреді.

Kurs.kz мәліметінше, қазір 1 АҚШ долларының құны 381 теңге деңгейіне жетті. Доллар 379-381,5 теңге шамасында сатылып жатыр.

7 қыркүйекте күндізгі сессия қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 375,56 болған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің құнсыздануы инфляция дәлізіне әсер етпейді.

ДереккөзTengrinews.kz