Астана үйлеріне қашан жылу беріледі?

Қазіргі уақытта Астана энергия кешенінің 2018-2019 жылдардағы жылу маусымына дайындығы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Отын қоры: көмір — 238 714 тонна, соның ішінде: бірінші Жылу электр орталығында — 27 842 тонна және бірінші Жылу электр орталығында — 210 872 тонна. Мазут — 6 106 тонна, — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

2018 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша нысандардың дайындығы:

Тұрғын үй қоры — 93,6 % (2 414 үйдің 2 261 үйі дайын);

Денсаулық сақтау нысандары — 94,4 % (36 нысанның 34-і);

Білім беру нысандары — 98,8 % (168 нысанның 166-ы);

Мәдениет нысандары — 100 % (13 нысанның 13-і).

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға, сонымен қатар Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес, бес тәулік бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан да төмен болған жағдайда қалалық жергілікті атқарушы органының жылу беру маусымын бастау жөнінде шешімі қабылданады, — дейді Эльвира Жүргенбаева.

ДереккөзІnform.kz