Шоу-бизнесті толықтай жаулаймын деп Алматыға көшіп келген рэпер қазір қандай жағдайда өмір сүріп жүр? Қазақ эстрада жұлдыздарының қайсысы оны қолдайды, қайсысы жек көреді?
Осыдан бір жыл бұрын ол мұндай танымалдылықты тіпті армандамаған да. Кеше ғана көзінің алды көлегейленіп, ешкімге есімі белгілі болмаған азамат түсініксіз тілде рэп айтып, ғаламторға шыққаны сол еді. Атыраудың қарапайым тұрғыны Сайлаубек Қабылхамиттың бүгінде өмірі күрт өзгерген…Ол енді өзін МС Сайлаубек деп таныстырады. Ақтөбеге футбол көруге барған рэперді көре сала стадиондағы жастар қолдарына телефондарын алып, оған жабыла кетті.
Бүгін оған оның сүйікті асын әзірлеп беріпті. Етті сүйіп жейтін Сайлаубек қазіргі өміріне риза…Бірақ демалуға уақыт жоқ, себебі аптасына кем дегенде 4-5 тойға шақыртуы бар.
Шақыртулардың көптігі сонша Сайлаубек аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның 70 пайызын аралап шығыпты. Бүгінде оның той, кештерге арнайы қойған ставкасы да бар.
Оның әндері қазір арнайы, кәсіби студияда жазылады. Жақында рэппер кәсіби бишілерден сабақ алмақшы.
Бүгінде Шымкент, Астана, Ақтөбе, Таразда өнерін көрсетіп үлгерген рэппер мен продюсерлерінің ұйымдастырушыларға қояр арнайы талабы да бар екен.
Қайрат Нұртас пен Музарттан кем түспейтін райдері бар Сайлаубектің өнерін шоу-бизнестегі әріптестерінің бірі қолдаса, бірі жақтырмайтын болып шықты.
Ия, қазір Сайлаубек жаңа әндермен репертуарын толықтырып жатыр. Айтылған сынға құлақ асқан продюсерлер жақында жаңа қазақша әнге бейнебаян түсіріп, елге тарту етпек.