Қанат Исламға «Намыс» медалі берілді

Нұр Отан партиясының қолдауымен Қазақстанның Ардагерлер ұйымы, «Сауап» қоғамдық қоры мен «Ұлт болмысы» журналы бірігіп өткізген шара барысында Егемендіктің ширек ғасырында жеткен жетістіктерге шолу жасалып, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлар талқыланды.

Аталған іс-шара барысында Қазақстанның Ардагерлер ұйымы мен Нұр Отан партиясы өкілдері кәсіпқой боксшы Қанат Исламды Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалінмен марапаттады.

Алматы қаласында өткен жиынға боксшының өзі келіп қатыса алмады. Әлем жұртшылығының алдында ұлтымыздың намысын абыроймен қорғап жүрген боксшымыз дайындық жаттығуларына байланысты келе алмапты.

ДереккөзАбай ақпарат