Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алғаш...

Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда химиялық кастрация туралы алғашқы шешім шығарылды. Бұл туралы Үкімет ғимаратында өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

1 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны қолдану ережесін жүргізу туралы бұйрығы күшіне енді. Соған сәйкес, сот шешімі негізінде бұл шаралар жүргізілуі мүмкін. Қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған. Бүгінде сот шешімі негізінде химиялық кастрация жасауға бір өтініш түсті

, — деді вице-министр.

Ләззат Ақтаева мұндай шешім қай қалада шығарылғанын нақтылаған жоқ. Оның айтуынша, бұл — сотталған адамға химиялық кастрация жасау туралы алғашқы сот шешімі.

Елімізде химиялық кастрация жасауға 9 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаражатқа 2000-нан астам инъекция жасалады.

2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасап, мәжбүрлеп емдеуді қарастыратын заңнама күшіне енгенін еске сала кетейік.

ДереккөзTengrinews.kz