Қазақстанда педофилдерді ұстаудың жаңа әдісі енгізіледі

Енді педофилдер өздері құрған «қақпанға» түсуі мүмкін. Бас прокуратура өкілдері оларды ұстаудың жаңа түрін енгізуді ұсынды. Нақтырақ айтқанда, балалардың атынан жалған әлеуметтік желі парағын ашып, сол арқылы арам ниеттілерді анықтамақ.

Сондай-ақ, Бас прокурор Жақып Асанов балаларды зорлауға қатысты қылмыстық істерді ер адамдар емес, әйел прокурорлардың жүргізуі туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ прокурорлар, қазіргі кезде түрмеде отырған 1 мың 229 бала зорлаушының түбінде  бостандыққа шығатынын да ұмытпауды ескертті.

АНДРЕЙ КРАВЧЕНКО, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Атап айтқанда, түрмеден шыққаннан кейін жиі барып тұру керек. Қажет болса қосымша шектеулер  мен тыйымдар белгіленсін. Осылайша, полицейлердің назарынан тыс қалған қылмыскердің қолынан Алматыдағы 6 жасар қыздың зорлықпен өлтірілгені сияқты жағдайлардың қайталануына жол бермейтін кепілдік болуы тиіс.

Айта кетейік, Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша биыл Қазақстанда 183 бала зорлық құрбаны болған.

ДереккөзИнформбюро