«Мектепке жол»: Атырауда 10 мыңнан аса оқушыға көмек берілді

Акция басталған күннен бүгінге дейін 10 116 балаға жалпы құны 144 миллион теңгеден аса қаражат көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мемлекеттік мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің, сауда және бизнес орталықтарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестер мен басқа да демеушілердің көмегімен балалар мектеп және спорттық костюмдермен, кроссовкалар, сөмкелер ​​және кеңсе тауарларымен қамтылды. Айта кету керек, акция шеңберінде мектепке бармайтын балаларға, сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды мектепке дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

Балаларға мектепке қажетті оқу құралдар, жылы киімдер ғана емес, тамақ пен ет те берілді. Бір отбасыға тіпті тоңазытқыш сыйлады. «Мектепке жол» акциясы жалғасады, көпбалалы, аз қамтылған немесе белгілі себептермен қиын жағдайға тап болған адамдар аталған көмекке мұқтаждығы туралы өтініш жаза алады және міндетті түрде қолдау көрсетіледі

,- деп хабарлады облыстық білім басқармасының мамандары. Айта кетейік, ірі көлемдегі «Мектепке жол» акциясы осы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Акцияға қатысам деушілер аудандық және қалалық білім бөліміне келуіне болады, бөлімдерде аз қамтылған отбасылар тізімі мен байланыс нөмірлері бар.