Басты бет / Жаңалықтар /
bd8151bc813b639d3080d3f710fa28ea Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми бекіткен тізімге әлемнің 91 елінен 260 ауыр атлет енген.

Қазақстаннан Олимпиадаға сегіз ауыр атлет қатысады: бес ер адам — Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және үш әйел — Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан зілтеміршілерінің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып келген болатын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 11 спортшысы допингпен ұсталған Болгария құрамасын жарыстан шеттетті. Сондай-ақ, допинг дауына ұшыраған жеңіл атлетикадан Ресей құрамасы да жазғы Олимпиадаға қатыспайды.

Ауыр атлетикадан барлығы 15 медальдар жиынтығы ойналады, деп хабарлады Sports.kz.

Олимпиада ойындары -2016 Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз күндері өтеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз

1 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қазақстандағы өзге діни көзқарастағы адамдарды тәрбиелеу керек