3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауады, шығыста түнде жаңбырдың арты қарға айналуы мүмкін. Еліміздің кей аймақтарында жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстіктің, солтүстік-батыстың, шығыс пен орталықтың кей жерлерінде ызғар болады. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Түркестан, Қызылорда, Маңғыстау  облыстарында да 15-20 жел соғып, кей жерлерде жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі әлі де күшті болады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус ызғар болады.