Басты бетЖаңалықтарАзиада-2018: қазақстандықтардың...

Азиада-2018: қазақстандықтардың 31 тамыз күнгі жетістігі қандай?

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары үшін 13-жарыс күні аяқталды.

31 тамыз күні ұлттық құрама төрт медаль жеңіп алды: бір алтын және үш қола. Алтын медаль иегері — самбошы Бағлан Ибрагим, қола жүлдегерлер — дзюдошы Гүлжан Исанова, самбошылар Айжан Жылқыбаева мен Бейімбет Қанжанов.

Бүгінгі жарыс күнінен соң Қазақстан құрамасы медальдарының саны 64-ке жетті: 12 алтын, 11 күміс және 41 қола.

Жазғы Азия ойындары 2 қыркүйекте аяқталады. Қазақстанның атынан мұнда 440 спортшы қатысып жатыр, олар спорттың 25 олимпиадалық түрінің 37 сыны бойынша бақ сынайды.

ДереккөзSports.kz