Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтөбеде зейнеткер әйел «америкалық офицерге» сеніп, миллион теңгесінен айырылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ақтөбеде 62 жастағы әйел әлеуметтік желі арқылы танысқан алаяққа сеніп, 1 миллион теңгеден айырылды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер әйел әлеуметтік желілердің бірінде өзін АҚШ-тың отставкадағы әскери офицері ретінде таныстырған шетелдік азаматпен танысқан. Біраз уақыт бойы хат алмасқан екеудің қарым-қатынасы сенімге құрылған.

Белгісіз азамат әйелге жылы сөздер айтып, болашақта Қазақстанға келіп кездесетінін де уәде еткен. Кейін ол уақытша қаржылық қиындыққа тап болғанын айтып, көмек сұраған. Алаяқ қарызға ақша алып, Қазақстанға келген соң бәрін толық қайтаратынына сендірген. Оның сөзіне сенген әйел бірнеше мәрте ақша аударып, жалпы сомасы 1 миллион теңгені көрсетілген есепшотқа жіберген. Алайда қаражатты алғаннан кейін күдікті байланысын бірден үзген. Осыдан кейін ғана әйел өзін алаяқ алдап кеткенін түсініп, полицияға жүгінген, — делінген хабарламада.

Қазір құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танысқан адамдарға ақша аудармауға, банк карталарының деректерін ешкімге бермеуге және күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауға кеңес береді. Әсіресе шетелден хабарласып, түрлі сылтаумен қаржылай көмек сұрайтын адамдарға сенбеу қажет екенін ескертті.

Мақалаға реакция